Қазақстандық конькимен жүгірушілер жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

20:08, 29 қараша 2026
MKZ: 1580389

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз нео-сеньорлар санатында командалық із кесу жарысында жеңіс тұғырынан көрінді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанаділов күміс медаль жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алена Лифатова қола жүлдеге қол жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!