Филиппиннің бұрынғы президентіне Гаагада сот басталады
© Фото: zakon.kz
30 қараша, дүйсенбі күні Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта (ХҚС) Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутертеге қатысты сот процесі басталады. Ол есірткіге қарсы ауқымды науқан кезінде адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
81 жастағы бұрынғы президент қазір Нидерландта қамауда отыр. Өткен жылы ол Манилада тұтқындалып, Гаагаға жеткізілген. Дутерте Халықаралық қылмыстық сот алдында жауап беретін алғашқы азиялық көшбасшы болмақ, деп жазады The Guardian.
Дутерте 2016 жылы қылмысқа қарсы қатаң күрес жүргізуге уәде беріп, президент болып сайланды. Билікке келгеннен кейін ол есірткіге қарсы ауқымды науқан бастады. Филиппин полициясының ресми дерегінше, осы науқан барысында алты мыңнан астам адам қаза тапқан. Ал тәуелсіз ұйымдар құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.
Халықаралық қылмыстық соттың алдын ала тергеу палатасының судьялары бұған дейін Дутерте азаматтық халыққа қарсы кең ауқымды әрі жүйелі шабуыл аясында кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу әрекеттері үшін жауапты болуы мүмкін деген тұжырымға келген.
Бұрынғы президенттің қорғаушылары оның көпшілік алдында айтқан қатаң мәлімдемелері әсіреленген риторикалық сөздер ғана болғанын алға тартады. Ал айыптау тарапы Дутертенің мәлімдемелері іс жүзінде орындалғанын айтып отыр.
Сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Отырыстар күніне төрт сағаттан өтеді. Айыптау тарапы шамамен 100 куәгерді шақыруды жоспарлап отыр.
Құқық қорғау ұйымдары мен қаза тапқандардың отбасылары сот процесінің басталуын құптап, кінәлілердің жауапқа тартылатынына үміт білдірді.Мыңдаған адамның өліміне себеп болған есірткіге қарсы науқан: Филиппиннің бұрынғы президентіне Гаагада сот басталады
30 қараша, дүйсенбі күні Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта (ХҚС) Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутертеге қатысты сот процесі басталады. Ол есірткіге қарсы ауқымды науқан кезінде адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
81 жастағы бұрынғы президент қазір Нидерландта қамауда отыр. Өткен жылы ол Манилада тұтқындалып, Гаагаға жеткізілген. Дутерте Халықаралық қылмыстық сот алдында жауап беретін алғашқы азиялық көшбасшы болмақ, деп жазады The Guardian.
Дутерте 2016 жылы қылмысқа қарсы қатаң күрес жүргізуге уәде беріп, президент болып сайланды. Билікке келгеннен кейін ол есірткіге қарсы ауқымды науқан бастады. Филиппин полициясының ресми дерегінше, осы науқан барысында алты мыңнан астам адам қаза тапқан. Ал тәуелсіз ұйымдар құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.
Халықаралық қылмыстық соттың алдын ала тергеу палатасының судьялары бұған дейін Дутерте азаматтық халыққа қарсы кең ауқымды әрі жүйелі шабуыл аясында кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу әрекеттері үшін жауапты болуы мүмкін деген тұжырымға келген.
Бұрынғы президенттің қорғаушылары оның көпшілік алдында айтқан қатаң мәлімдемелері әсіреленген риторикалық сөздер ғана болғанын алға тартады. Ал айыптау тарапы Дутертенің мәлімдемелері іс жүзінде орындалғанын айтып отыр.
Сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Отырыстар күніне төрт сағаттан өтеді. Айыптау тарапы шамамен 100 куәгерді шақыруды жоспарлап отыр.
Құқық қорғау ұйымдары мен қаза тапқандардың отбасылары сот процесінің басталуын құптап, кінәлілердің жауапқа тартылатынына үміт білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 29 қараша 2026
Шымкент әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді
-
12:10, 29 қараша 2026
ІІМ 32 тоннадан астам есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді
-
11:40, 29 қараша 2026
BilimClass платформасына кибершабуыл жасалды
-
11:21, 29 қараша 2026
29 қарашада Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қанша
-
10:51, 29 қараша 2026
Таразда жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізуші ұсталды





