Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты

18:31, 29 қараша 2026
MKZ: 1580384

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Қырғызстан өкілі Ихтиер Нишоновпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Тоқтасынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) турнирдің финалына шыққан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!