Қазақстандағы кейбір полицейлердің адамгершілігі бар

16:49, 14 мамыр 2021

© Сурет: ШҚО ПД

8 мамырдың кешінде "Scania" жүк автомобилінің жүргізушісі "Мақаншы-Жаңалаңшкөл" республикалық тасжолының 8127 шақырымында рульді басқара алмай, нәтижесінде фура жол жиегінде аударылып қалған екен, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы болған жерге дереу Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шықты. Тәртіп сақшылары ЖКО учаскесін қоршап, жедел жәрдем шақырып, медицина қызметкерлері жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Көлік жүргізушісі Алматы облысының кеден бекетінен Беларусь Республикасына толық тиеліп жолға шықанын айтты.

Полиция қызметкерлері 2 күн бойы ақаулықты жою үшін компания өкілдері келгенге дейін жүк тиелген автокөлікті күзетуді қамтамасыз етті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары кран шақырып көлік құралын қайта тасжолға шығарды. Көмекке разы болған Беларусь Республикасының азаматы Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!