Алаяқтарға сенген павлодарлық зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылды
© Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында 72 жастағы зейнеткер әйел интернет пен телефон алаяқтарының құрбаны болды. Қылмыскерлер ұзақ уақыттан бері қолданылып келе жатқан алаяқтық схеманы пайдаланып, зейнеткердің сеніміне кіріп, ірі көлемдегі қаржысын иемденген.
Оқиға Ресей Федерациясының нөмірінен келген телефон қоңырауынан басталған. Белгісіз ер адам өзін дәрігер ретінде таныстырып, зейнеткерге басқа емханада вакцинациядан өту қажеттігін айтып, сендірген. Әңгіме барысында әйелдің телефонына СМС-хабарлама келген.
Алаяқтардың айтуымен зейнеткер сол хабарламадағы кодты айтып берген. Нәтижесінде қаскөйлер оның банктік шоттарына заңсыз қол жеткізген.
Көп ұзамай зейнеткерге өзін "тергеуші Эдуард" және "қаржы жөніндегі маман Виктор" деп таныстырған тағы екі адам хабарласып, шотына "мемлекеттік қаражат" түскенін және оны кері қайтару қажеттігін айтқан.
Алаяқтардың нұсқауын бұлжытпай орындаған әйел өз шотынан 2 млн теңгені шешіп алып, шетелдегі белгісіз есепшотқа аударған.
Тек қаржы аударылғаннан кейін ғана ол алданғанын түсінген. Қылмыскерлер ізін жасыру мақсатында барлық хабарламалар мен қоңырауларды өшіруді талап еткен. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Павлодар қаласы полициясының мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Полиция өкілдері SMS арқылы келетін кодтарды ешқашан бөгде адамдарға бермеуге, сондай-ақ бейтаныс нөмірлерден келетін қоңырауларға сене бермеуге кеңес береді.
Алаяқтар өздерін мемлекеттік орган қызметкері немесе медицина, қаржы саласының маманы ретінде таныстырып, заңды әрекет жасап жатқандай әсер қалдырады.
Сондықтан кез келген ақпаратты тексеру – қаржылық қауіпсіздіктің басты кепілі. Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса, дереу 102 нөміріне хабарласу немесе Павлодар облысы полиция департаментінің @dp_pavlodar Instagram парақшасына тікелей жазу ұсынылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жоспарына өзгерістер енгізілді
-
12:53, 15 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің анасы Ригада түскен суретімен желіні таң-тамаша етті
-
12:21, 15 желтоқсан 2025
Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ
-
12:10, 15 желтоқсан 2025
Жапония елден шығу салығын көтермек
-
12:05, 15 желтоқсан 2025
Мал шаруашылығы министрлігінде сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулер түсіндірілді





