Жапония елден шығу салығын көтермек

12:10, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Жапония ел аумағынан шығатын адамдарға салынатын салықты үш есеге арттырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Mainichi басылымының мәліметінше, салық мөлшері қазіргі 1 мың иеннен 3 мың иенге дейін өседі. Өзгеріс келесі қаржы жылынан бастап күшіне енбек, ал ол Жапонияда сәуір айында басталады.

Бұл салық азаматтығына қарамастан барлық жолаушылардан алынады және оны төлеу тәртібі өте қарапайым: сома әуе билеттері немесе паром билеттерінің бағасына алдын ала қосылып қойылады. Сондықтан жолаушыларға арнайы барып төлеудің немесе қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.

Алайда туристер үшін әлдеқайда көп қолайсыздық туғызуы мүмкін жаңалық – tax free (салықсыз сауда) жүйесінің реформасы. Ол 2026 жылдың қарашасына жоспарланған. Қазіргі таңда бұл өзгеріске қатысты көп нәрсе әлі нақты емес, белгілісі – енді салық сомасы дүкенде бірден қайтарылмайды, қаражат турист елден шыққаннан кейін ғана аударылады.

Бұған дейін Австралиядағы жағжайда жөйттер мерекесі кезінде атыс-шабыс болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!