Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде тағы бір жұмысшы биіктіктен құлап мерт болды

09:43, 15 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында жұмысшының қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға жайлы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда қасбеттік жұмыстар кезінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрылыс алаңында аспалы көтергіш кабелі үзілген. Оқиға салдарынан 41 жастағы ер адам биіктіктен құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Полиция тергеу құрылыс жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.

Бұған дейін де Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде үш жұмысшының бесінші қабаттан құлап кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!