Қазақстанда жұмыссыздарға төлем: алушылар саны күрт өсті
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 желтоқта 331 мыңнан астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмыстан босатылған жағдайға байланысты әлеуметтік төлем алатыны хабарланды, деп жазады Zakon.kz.
Олардың ішінде 289 мыңнан астам адам төлемді осы жылы алды. Жалпы төлем сомасы 118,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы 2025 жылғы 15 желтоқсанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жоспарына өзгерістер енгізілді
-
12:53, 15 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің анасы Ригада түскен суретімен желіні таң-тамаша етті
-
12:21, 15 желтоқсан 2025
Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ
-
12:10, 15 желтоқсан 2025
Жапония елден шығу салығын көтермек
-
12:05, 15 желтоқсан 2025
Мал шаруашылығы министрлігінде сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулер түсіндірілді





