Қар жауып, боран соғады: Тәуелсіздік күніне арналған ауа райы болжамы

17:40, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: freepik

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, мерекелік демалыс – Тәуелсіздік күні елімізде ауа райы қолайсыз болады.

"Солтүстік-батыс циклонының ықпалы Қазақстанның басым бөлігінде сақталып, қар жауады деп күтіледі, республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашын, онда да негізінен қар түрінде болады. Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында тұман түседі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынып, күннің күрт суытатынын ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!