Қазақстанда тасымалдарды қадағалау жүйесінің ұлттық операторы анықталды

16:41, 13 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

"Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы" Үкіметтің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып белгіленсін", — делінген құжатта.

Бұл ретте "халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы" Үкіметтің 2023 жылғы 12 қаңтардағы қаулысының күші жойылды.

Қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!