Қазақстанда шамамен 70 млрд тонна өнеркәсіп қалдығы жиналған

12:23, 16 қараша 2026
MKZ: 1577933

© Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстандағы техногендік минералдық түзілімдерді түгендеу жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Техногендік минералдық түзілімдер (ТМТ) – тау-кен өндіру, кен өңдеу, металлургия және энергетика өнеркәсібінен жиналған қалдықтар. Оларға тау жыныстары, қождар, шламдар және кен байыту қалдықтары жатады. Құрамында пайдалы компоненттер болғандықтан, оларды қайта өңдеп, пайдалануға болады.

"ТМТ-ны қайта өңдеуге тарту шаралары Сирек және сирек жер металдары саласын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында да жүзеге асырылып жатыр. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын ескере отырып, министрлік жеке жұмыс тобын құру қажет емес деп санайды. 2025 жылы Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына ТМТ нысандарының 1 110 паспорты енгізілді", – делінген Иран Шарханның жауабында.

Оның нақтылауынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кадастрда 1 833 ТМТ нысаны есепке алынған.


"Жиналған ТМТ-ның жалпы көлемі 69 млрд тонна деп бағаланады. Оның басым бөлігін аршу, дайындық және тау-кен қазбаларын жүргізу жұмыстары кезінде шыққан тау жыныстары құрайды. Жол картасында ТМТ нысандарының, соның ішінде иесіз нысандардың цифрлық тізбесін қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ 2026 жылғы желтоқсанда далалық жұмыстарға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, ал 2027–2029 жылдары иесіз ТМТ нысандарын далалық зерттеу және картаға түсіру жоспарланған", – деп қосты вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғау қағидалары бекітілгені туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!