Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады
© Фото: Zakon.kz
16 қарашада еліміздің бірқатар облысында жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Кей өңірлерде тұман мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақтауда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде 15 м/с болады.
Астанада түнде жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Оралда түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, негізінен, жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанайда түнде және таңертең, негізінен, жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында кей уақытта, негізінен, жаңбыр түрінде мол жауын-шашын түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында, сондай-ақ таулы аудандарында 15-20 м/с-ке, күндіз 25 м/с-ке дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың орталығы мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматыда және Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі.
Іле Алатауында, соның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақытта тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с болады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, шығысында және орталығында тұман болады. Павлодарда тұман түседі.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:18, 15 қараша 2026
Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды
-
17:44, 15 қараша 2026
Жастарды WhatsApp арқылы алаяқтық схемаларға тарту деректері көбейген
-
17:01, 15 қараша 2026
16 қарашада Астана мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды
-
16:52, 15 қараша 2026
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Зұлхия Жұматова дүниеден өтті
-
16:38, 15 қараша 2026
Қазақстандық molodoy CS2 ойынынан қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетті





