Қазақстандық molodoy CS2 ойынынан қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетті

16:38, 15 қараша 2026
MKZ: 1577821

© Сурет: HLTV

Қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенко (molodoy) өнер көрсететін Бразилияның FURIA командасы Counter-Strike 2 ойынынан BLAST Rivals Season 2 турнирінің чемпионы атанды. Шешуші кездесуде команда Team Spirit ұжымын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гранд-финал 15 қарашада Гонконгта өтті. FURIA ресейлік Team Spirit командасын 3:0 есебімен ұтып, қарсыласына бірде-бір картада жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді.

Ең тартысты ойын Ancient картасында өтті. Командалар алғашқы таймды 6:6 есебімен аяқтады. Алайда екінші кезеңде FURIA басым түсіп, 13:11 есебімен жеңіске жетті.

Dust2 картасында бразилиялық команда ойынды толық бақылауына алып, қарсыласын 13:5 есебімен ойсырата ұтты. Ал Mirage картасында FURIA 13:8 есебімен жеңіске жетіп, кездесудің нүктесін қойды.

BLAST Rivals Season 2 турниріндегі жеңіс FURIA командасына PGL Singapore Major 2026 қарсаңындағы соңғы ірі жарыстардың бірінде чемпиондық атақ әкелді. Бірінші орын үшін берілетін жүлде клуб үлесін қосқанда 250 мың доллар болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!