Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты
© Сурет: polisia.kz
Полицейлер Ақмола облысы Сандықтау ауданының Шантөбе кентінде тұратын 86 жастағы қарияны іздеп тауып, туыстарына аман-есен табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалғыз тұратын зейнеткер ВАЗ-2107 көлігімен жолға шыққан. Алайда жолда көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен. Егде жастағы ер адам өздігінен шыға алмаған, сондай-ақ болған жағдай туралы жақындарына хабарлай алмаған.Келесі күні Анатолий Захарович байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдай бастаған. Олар ер адамның жоғалғаны туралы дереу Сандықтау аудандық полиция бөліміне хабарлаған.
"Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен жоғалған қарияның туыстары жедел кірісті. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, зейнеткердің жүріп өткен бағытын анықтаған және одан әрі іздестіру шараларын ұйымдастырған", – деп хабарлады полиция.
Сол күні полицейлер жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен автокөлікті тапқан. Көлік жоғалған зейнеткер болған. Осылайша қария табылып, туыстарымен аман-есен қауышты.
Анатолий Захаровичтің немересі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені, жанашырлық танытып, қиын жағдайда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:18, 15 қараша 2026
Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды
-
17:44, 15 қараша 2026
Жастарды WhatsApp арқылы алаяқтық схемаларға тарту деректері көбейген
-
17:01, 15 қараша 2026
16 қарашада Астана мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды
-
16:52, 15 қараша 2026
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Зұлхия Жұматова дүниеден өтті
-
16:38, 15 қараша 2026
Қазақстандық molodoy CS2 ойынынан қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетті





