Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

13:57, 16 қараша 2026
MKZ: 1577955

© Фото: Zakon.kz

Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Оған басқа көлік жүргізушісінің жол бермеуі себеп болған. Апат сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 15 қарашаға қараған түні қаланың төртінші шағынауданындағы қиылыста болған.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы көлік шақыртуға бара жатқан кезде басқа автокөлік оған жол бермеген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның батысында Toyota Sienna және Niva көліктері қатысқан жол апаты болған. Салдарынан көлік жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!