Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

18:18, 15 қараша 2026
MKZ: 1577831

© Видео скрині

Жезқазғанда балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдар қолданылған. Полиция отшашуды мекеме әкімшісі ұйымдастырғанын анықтап, оны заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, 14 қараша күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласында учаскелік полиция инспекторы өзіне бекітілген аумақты аралау барысында балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады.

"Тексеру барысында отшашуды аталған мекеменің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша әкімші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге үндеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!