Қазақстанда қанша адам бай әрі ауқатты санатқа жатады

15:48, 14 қазан 2026
MKZ: 1572357

© Фото: Zakon.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 14 қазанда Құрылтайда өткен брифингте бай және ауқатты санатқа жататын қазақстандықтардың санын атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, елде бұл санаттарға жататын жарты миллионнан астам адам бар.

"Қателеспесем, 522 мың адам. 70 мыңнан сәл астамы А санатына, қалғандары В санатына жатады. Қазір осы санаттар бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Әр адамға тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Қателікке жол берілмеуі керек. Қателескен күннің өзінде, ол мемлекеттің емес, азаматтардың пайдасына болғаны дұрыс", – деді Жұманғарин.

Журналистер министрден орташа қазақстандық отбасы әл-ауқаты қанағаттанарлық деңгейдегі санатқа жата ма деп сұрады.

"Білмеймін. Бұл әр отбасының нақты жағдайына байланысты. Мұны бір рет белгіленіп, өзгермей қалатын нәрсе деп айтуға болмайды", – деп жауап берді ол.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А санатына табысы жоғары азаматтар, ал В санатына әл-ауқаты жеткілікті деңгейдегі азаматтар жататынын түсіндірген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!