Мәслихат депутаты болу үшін қандай талаптар қойылады
© Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова 2026 жылғы 13 қазанда ведомство отырысында кімдердің мәслихат депутаты болып сайлана алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әсел Жанәбілова Қазақстан азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқығы бар екенін атап өтті.
"Мәслихат депутаты болып сайлану үшін азамат мынадай талаптарға сай болуы керек. Ең алдымен, ол Қазақстан Республикасының азаматы болуы және 20 жасқа толуы қажет. Сондай-ақ сайлау құқығына ие болуы және тек бір мәслихаттың депутаты болуы керек", – деді ол.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп сот таныған адамдар мәслихат депутаты болып сайлана алмайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:40, 13 қазан 2026
Мәслихат депутаттығына кандидаттар 425 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі керек
-
20:10, 13 қазан 2026
Жұманғарин мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қашан тағы өсетінін айтты
-
19:55, 13 қазан 2026
Тоқаев, король Филипп және патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты
-
19:19, 13 қазан 2026
Тоқаев Бельгия королі мен патшайымымен бірге Alem.ai орталығын аралады
-
19:12, 13 қазан 2026
Олжас Бектенов 2026 жылдың соңына дейін инфляцияны 10%-дан төмен ұстауды тапсырды





