16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу қандай салдарға әкелуі мүмкін

16:40, 14 қазан 2026
MKZ: 1572370

© Фото: unsplash

Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс және жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Эльвира Яушева Astana Media Week аясында 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне шектеу енгізудің ықтимал кері салдары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Эльвира Яушеваның айтуынша, ЮНИСЕФ жас шектеулері балалардың интернеттегі қауіп-қатерлерге тап болуын кейінге шегеруге және ата-аналарға әлеуметтік желілерді пайдаланудың қолайлы әрі түсінікті ережелерін белгілеуге көмектесуі мүмкін деп санайды.

"Дегенмен тәуекелдер де бар. Мұндай шектеулерді енгізген кейбір елдердің тәжірибесі белгілі. Мәселен, балалар өзгенің құжаттарын пайдалануы мүмкін (әлеуметтік желілерге тіркелу кезінде – ред.). Сондай-ақ бұл олардың қарым-қатынас жасауына, пайдалы ақпаратқа қол жеткізуіне кедергі келтіруі ықтимал. Әсіресе осал жағдайдағы балалар үшін мұның әсері болуы мүмкін. Жас шектеулері енгізілгенде қанша дербес ақпарат жиналатынын, оның қалай сақталатынын, таратылатынын және пайдаланылатынын да ескеру қажет. Ең қауіптісі – балалар қауіпсіздік деңгейі төмен платформаларға ауысуы мүмкін", – деп түсіндірді ол.

Бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу бағытында қандай шаралар жоспарланғанын айтқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!