Олжас Бектенов 2026 жылдың соңына дейін инфляцияны 10%-дан төмен ұстауды тапсырды

19:12, 13 қазан 2026
MKZ: 1572157

© Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 13 қазанда үкімет отырысында жыл соңына дейін инфляцияға қатысты негізгі міндетті атап, экономикалық өсімге ықпал етіп отырған факторлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бектенов 2026 жылдың аяқталуына 2,5 ай қалғанын еске салып, биыл мұнай секторындағы құлдырауға қарамастан, ел экономикасы 4,2%-ға өскенін атап өтті.

"Айта кету керек, отандық экономиканың өсуіне негізгі үлес қосып отырған – шикізаттық емес сектор. Атап айтқанда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика байқалады. Бұл салалардың жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуіне қосқан жиынтық үлесі шамамен 80,5%-ды құрайды. Осы маңызды салалардың одан әрі өсу әлеуеті зор. Сондықтан қолда бар барлық резервті іске қосу қажет", – деді ол.

Оның айтуынша, мұны өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларындағы жоғары инвестициялық белсенділік, сондай-ақ шикізаттық емес экспорттың серпіні де көрсетеді.

"2026 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорттың озық қарқынмен өсуінің арқасында төлем балансының ағымдағы шоты 2,4 млрд доллар көлемінде профицитпен қалыптасты. Экономикалық өсім неғұрлым теңгерімді әрі сапалы сипат алып, елдің өндірістік әлеуетін одан әрі кеңейтуге негіз қалыптастырып отыр. Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді жұмысының нәтижесінде инфляциялық қысымның төмендеуіне қол жеткізілді", – деді премьер-министр.

Бектеновтің айтуынша, тоғыз айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Ал биылғы басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!