Бельгия королі мен патшайымы Алматыға келеді: қалада жол қозғалысы шектеледі
© Сурет: akorda.kz
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына мәртебелі меймандардың сапарына байланысты жолдарда уақытша шектеулер енгізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған хабарламада айтылғандай, Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың Алматыға мемлекеттік сапарына байланысты 2026 жылғы 14 қазанда жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгерістер енгізіледі.
"Сапар аясында Қазақстан мен Бельгияның ресми делегацияларының, сондай-ақ іскерлік және академиялық топ өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар жоспарланған. Ресми іс-шараларға байланысты 14 қазанда Алматының жекелеген аудандарында көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін", – деп хабарлады әкімдіктен.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.
Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда 2026 жылғы 11 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
12 қазанда Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандармен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Сондай-ақ Қазақстан президенті король Филипп пен патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды. 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев корольдік жұпқа Ұлттық музейді және Қазақстан президентінің резиденциясында ұсталатын асыл тұқымды жылқыларды көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:33, 13 қазан 2026
Мәслихат депутаты болу үшін қандай талаптар қойылады
-
19:19, 13 қазан 2026
Тоқаев Бельгия королі мен патшайымымен бірге Alem.ai орталығын аралады
-
19:12, 13 қазан 2026
Олжас Бектенов 2026 жылдың соңына дейін инфляцияны 10%-дан төмен ұстауды тапсырды
-
19:00, 13 қазан 2026
Бельгия Қазақстанмен қай салалардағы ынтымақтастықты күшейткісі келеді
-
18:57, 13 қазан 2026
Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдері рейтингінде 34-орынға тұрақтады — Тоқаев





