Қазақстанның тоғыз өңірі кіріс бойынша жоспарын орындамаған
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанның қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылғы 13 қазанда Үкімет отырысында жергілікті бюджеттердің кірістер жоспарын орындамаған өңірлерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Спикердің айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірісі 6,9 трлн теңгені құрап, жоспар 96,1%-ға орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда жергілікті бюджеттердің кірісі 125,6 млрд теңгеге өскен. Өсу қарқыны 102% болған.
"Жалпы түсімнің орындалмаған көлемі 278,3 млрд теңгені құрады. Тоғыз өңір жоспарды орындамаған. Ең үлкен ауытқулар Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарында байқалады. Осыған байланысты әр өңір өзінің кіріс әлеуетін пайдалануы қажет. Әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, жыл соңына дейін қосымша түсімдерді қамтамасыз ететін нақты шараларға басымдық беруі керек", – деді Мәди Тәкиев.
Осыған байланысты ол премьер-министр Олжас Бектеновтен әкімдіктер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жыл соңына дейін бюджетті уақтылы әрі сапалы орындау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсыруды сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:29, 13 қазан 2026
Қазақстандықтарға көлікті несиеге алудың баламасы ұсынылмақ – Өнеркәсіп министрлігі автолизинг туралы
-
22:02, 13 қазан 2026
Қалың тұман мен екпінді жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
-
21:46, 13 қазан 2026
Қазақстанның жеке автокөлік бренді: Өнеркәсіп министрлігі жобаның қай кезеңде екенін айтты
-
21:34, 13 қазан 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы Құрылтай сайлауынан қымбатқа түсуі мүмкін
-
20:40, 13 қазан 2026
Мәслихат депутаттығына кандидаттар 425 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі керек





