Мәслихат депутаттарының сайлауы Құрылтай сайлауынан қымбатқа түсуі мүмкін
© Фото: zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 2026 жылғы 13 қазанда өткен брифингте Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге жұмсалатын шығындарға әсер етуі мүмкін факторларды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Михаил Бортник сайлау күнін белгілегеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы алдын ала шығындар сметасын жасайтынын еске салды. Ол аумақтық сайлау комиссияларының өтінімдері негізінде әзірленеді.
"Барлық шығын жинақталып, Қаржы министрлігімен жұмыс істеу үшін Үкіметке ұсынылады. Мәслихат сайлауын өткізуге қажетті қаражаттың нақты көлемі Үкіметтің шешімімен айқындалады. Бұл сайлау кезектен тыс өтетіндіктен, оған қажетті шығындар Қазақстан Республикасының қазіргі бюджетінде қарастырылмаған. Сондықтан сайлауды өткізуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінеді", – деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, шығын көлемі бірқатар факторға, ең алдымен, сайлау комиссияларының саны мен сайлау науқанының ұзақтығына байланысты болады.
"Алдыңғы сайлау науқанынан айырмашылығы, бұл жолы жұмысқа қосымша 3 022 округтік сайлау комиссиясы тартылады. Оларда тағы 15 110 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Әрине, олардың еңбекақысын төлеу үшін қосымша қаражат қажет. Екінші ерекшелік – бірмандатты округтер бойынша кандидаттарды ұсынуға және олардың сайлауға қатысуына байланысты қосымша шығындар пайда болады", – деді Михаил Бортник.
Оның мәліметінше, мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат науқанына да қаражат қарастырылуы керек.
"Бір орынға бірнеше кандидат үміткер болуы мүмкін. Қолымыздағы алдын ала ақпаратқа сүйенсек, үміткер болғысы келетіндер көп – үштен онға дейін және одан да көп адам болуы мүмкін. Егер олар тіркеуден өтсе, үгіт-насихат жұмыстарына қаражат қарастыруға міндеттіміз. Бұл шығындар да бюджет жобасында ескеріледі. Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің түрлері де өзгереді. Құрылтай сайлауында бір бюллетень болған болса, бұл жолы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға сайлау өтетіндіктен, бюллетеньдер саны да көбейеді. Олар өңірлердегі баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда дайындалады. Олардың құны әр өңірде белгіленетін таралымға байланысты болады деп ойлаймын", – деп түсіндірді Михаил Бортник.
Ол сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауымен салыстырғанда сайлаушылардың жалпы саны да өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлаушылар саны артқан, бұл да қосымша қаражат бөлуді талап етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:29, 13 қазан 2026
Қазақстандықтарға көлікті несиеге алудың баламасы ұсынылмақ – Өнеркәсіп министрлігі автолизинг туралы
-
22:02, 13 қазан 2026
Қалың тұман мен екпінді жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
-
21:46, 13 қазан 2026
Қазақстанның жеке автокөлік бренді: Өнеркәсіп министрлігі жобаның қай кезеңде екенін айтты
-
21:22, 13 қазан 2026
Қазақстанның тоғыз өңірі кіріс бойынша жоспарын орындамаған
-
20:40, 13 қазан 2026
Мәслихат депутаттығына кандидаттар 425 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі керек





