Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілді

09:01, 25 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Сауда және интеграция министрі 2025 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңа тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізімге 31 тауар позициясы енгізілді:

  • Бі­рін­ші сорт­ты би­дай ұны­нан жа­сал­ған нан (пі­шін­ді)
  • Рож­ки
  • Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы (дән)
  • Та­зар­ты­л­ған кү­ріш (до­ма­лақ дән­ді)
  • Кар­топ
  • Ас­ха­на­лық сә­біз
  • Ба­сты пи­яз
  • Ақ қа­удан­ды қы­рық­қа­бат
  • Қы­за­нақ ("шие", "жү­зім" сорт­та­ры­нан бас­қа)
  • Қи­яр ("кор­ни­шон­дар"сор­ты­нан бас­қа)
  • Ал­ма
  • Ақ қант – құм­ше­кер
  • Күн­ба­ғыс майы
  • Сүй­е­гі бар сиыр еті
  • Сүй­ек­сіз сиыр еті
  • Тар­ты­л­ған ет
  • Қой еті, оның ішін­де сүй­ек­сіз
  • Жыл­қы еті, оның ішін­де сүй­ек­сіз
  • Жа­ңа аулан­ған, сал­қын­да­ты­л­ған және мұз­да­ты­л­ған ба­лық (та­бан, мөң­ке, көк­сер­ке, тұқы, са­зан)
  • Та­уық еті (та­уық жам­ба­сы, си­ра­ғы, сан еті)
  • Та­уық (ұша­сы)
  • Май­лы­лы­ғы 2,2-6% па­стер­лен­ген, уль­т­ра па­стер­лен­ген, за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған сүт дәм­дік қо­с­па­ла­ры жоқ (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
  • Май­лы­лы­ғы 2-3 % ай­ран (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
  • Қай­мақ (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
  • Май­лы­лы­ғы 5-9% сүз­бе (лак­то­за­сызды қо­с­па­ған­да)
  • Май­лы­лы­ғы 40-50% қат­ты, жар­лы­тай қат­ты ірім­шік
  • Са­ры май (тұз­дал­ма­ған, май­лы­лы­ғы 72,5%-дан 80%-ға дей­ін, то­лық­тыр­ғы­штар және өсім­дік май­ла­ры жоқ)
  • Та­уық жұ­мырт­қа­сы (I са­нат­ты)
  • Қа­ра шай (дәм­дік қо­с­па­ла­ры жоқ, па­кет­тел­ген­дер­ден бас­қа)
  • Ac тұ­зы ("Экс­т­ра"-дан бас­қа)

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тізбе бойынша әрбір жеке тауар позициясы бойынша бөлшек сауда бағаларының шекті мәні белгіленеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізудің жасалған шартында шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болып табылады.

Бұйрық 2026 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!