Ұлыбританияда тірі шаяндар мен омарларды пісіруге тыйым салынады

12:09, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Ұлыбританияда жақын арада "тірі күйдегі" шаяндардан, омарлардан және өзге де шаянтәрізділерден тағам әзірлеуге тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, билік бұл әдісті "өлтірудің қолайсыз тәсілі" деп санады. Мұндай тыйым бұған дейін Швейцарияда, Норвегияда және Жаңа Зеландияда енгізілген болатын.

2022 жылы Ұлыбританияда омыртқасыз жануарлардың, соның ішінде омарлар, шаяндар мен сегізаяқтардың ауырсыну мен азапты сезе алатынын мойындайтын заң қабылданған болатын. Жануарларды қорғау ұйымдарының айтуынша, қайнатпас бұрын шаянтәрізділерді электрлік құрылғымен есеңгірету немесе мұзбен салқындату – әлдеқайда адамгершілікке тән әдіс.

"Тірі әрі есін білетін жануарларды қайнаған суға салғанда, олар бірнеше минут бойы жан төзгісіз азап шегеді. Бұл азаптау тәсілін толығымен тоқтату керек",- деді Crustacean Compassion қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Бен Стерджен.

Бұған дейін Францияда бойжеткенді жыныстық-құлдыққа салғандарға үкім шыққанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!