Қазақстанда балалардың маркетплейстерден тауар сатып алуына жаңа шектеулер енгізу ұсынылды
© Фото: pexels
Депутат Динара Закиева 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайдағы үкімет сағатында балаларды киберқауіптерден қорғау үшін қандай шаралар ұсынылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Закиеваның айтуынша, балаларды қорғау мақсатында "Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы" жаңа заң жобасы әзірленген.
"Жаңа қауіптер мен технологиялардың дамуын ескере отырып, ауқымды шаралар кешені ұсынылды. Мәселен, барлық цифрлық және ақпараттық өнімдердің, соның ішінде онлайн ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар қарастырылған. Ол үшін платформаларға өнімдерді таңбалау және олардағы хат алмасу мүмкіндігі, ойын ішіндегі сатып алулар сияқты цифрлық тәуекелдерді сипаттау талабы енгізілмек. Сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органның міндетті тексеруінен өткізу тетігі, заңбұзушылықтарды анықтау үшін мониторинг жүргізу көзделген. Ақпараттық немесе цифрлық өнімнің, мысалы, ойынның қауіп төндіретіні анықталса, оны жою немесе бұғаттау талабы қарастырылған", – деді ол.
Сондай-ақ заң талаптарын бұзғаны үшін платформа иелерінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады.
"Осындай тәсіл кәмелетке толмағандардың маркетплейстерден тауар сатып алуына байланысты электрондық сауда алаңдарымен өзара іс-қимылын реттеу үшін де қарастырылған. Барлық цифрлық платформаға "ата-ана бақылауы" функциясын енгізу талабы көзделген. Яғни балаларға қолжетімді контент сүзгіден өткізіледі. Тиісінше, бала таңбаланбаған және тексеруден өтпеген цифрлық әрі ақпараттық өнімдерді, қосымшалар мен ойындарды көре де, пайдалана да, жүктей де алмайды", – деп түсіндірді депутат.
Заң жобасында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, балаларға фотосуреті бар ID-карталар енгізу де көзделген. Мұндай карталар баланың жеке басын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтарын іске асыруды цифрлық тұрғыдан сүйемелдеуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстанда балаларды есепке алу және буллингтің алдын алу қағидалары өзгергені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:28, 16 қараша 2026
Алматыда ҚазҰУ студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды
-
14:15, 16 қараша 2026
Қыс келуге асығар емес: Алматыда күн суытқаннан кейін ауа температурасы +13°С-қа дейін көтеріледі
-
14:08, 16 қараша 2026
Таиландта ашуға булыққан піл екі адамды таптап өлтірді
-
13:57, 16 қараша 2026
Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
-
13:44, 16 қараша 2026
Жастар АИТВ жұқтыру қаупін елемей жүр: дәрігерлер алаңдаушылық білдірді





