Қазақстан таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды
© Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
27–29 қарашада Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында таеквондо мен пара таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының финалдары өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда алғаш рет өтетін G-10 санатындағы бұл додаға Олимпиада, әлем және Азия чемпиондары қатысады. Олар медальдармен қатар Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеуде маңызды рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі.
Биыл Гран-при кезеңдері Римде, Муджуда және Парижде өтті. Астанадағы финалға 128 таеквондошының қатысуы жоспарланған. Спортшылар сегіз олимпиадалық салмақ дәрежесінде бақ сынайды. турнирдің жеңімпазына 100, күміс жүлдегерге 60, қола жүлдегерлерге 36 ұпайдан беріледі.
Астанада Париж Олимпиадасының чемпиондары Пак Те Джун мен Ким Ю Джин (Оңтүстік Корея), Ариан Салими (Иран) және Токио Олимпиадасының чемпионы Вито Делль’Акуила (Италия) бақ сынайды. Сонымен қатар финалға Бразилияның әлем чемпионы Мария Клара Пачеко да қатысады. Ол биыл Рим, Муджу және Париждегі Гран-при кезеңдерінің үшеуінде де жеңіске жеткен.
Қазақстан сапынан Батырхан Төлеуғали (-80 кг), Тамирлан Тілеулес (-58 кг), Мария Севостьянова (-57 кг) және Рита Бакишева (-49 кг) сынға түседі. Севостьянова осы маусымда Париждегі кезеңде қола жүлде жеңіп алды.
Жарыс бағдарламасы 27 қарашада пара таеквондодан басталады. Оған 70-ке жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар K44 спорт класында он салмақ дәрежесі бойынша медальдар мен Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу үшін маңызды рейтингтік ұпайларға таласады.
Пара таеквондодан Қазақстан атынан ерлер арасында Нышанбек Актлеуов (−58 кг), Айбек Жұманғали (−63 кг), Дінмұхаммед Асқар (−70 кг) және Нұрлан Домбаев (−80 кг) қатысады. Әйелдер арасында Милана Красавцева (−52 кг), Камиля Досмалова (−57 кг) және Марьям Салимгереева (−65 кг) өнер көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 25 қараша 2026
Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 15 тәулікке қамалды
-
21:41, 25 қараша 2026
Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
-
21:01, 25 қараша 2026
Шанхайда өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық шорт-трекшілер белгілі болды
-
20:30, 25 қараша 2026
Биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
20:20, 25 қараша 2026
Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы бейнежазбасымен жанкүйерлерін толқытты





