Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама аясындағы жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдер мен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
Ақорданың мәліметінше, бағдарламаның жоспарлануы мен қаражаттың бөлінуінен бастап, нысандардың пайдалануға берілуіне дейінгі барлық кезең бақылауда болады.
Комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзімін, құнын және заңдылығын қадағалап, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды. Сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.
Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсан сайын және жыл сайын есеп ұсынылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:54, 25 қараша 2026
Жалған қайғысын пайдаланып, әйелдің үйі мен қомақты ақшасын иемденіп алған
-
09:38, 25 қараша 2026
Қостанайда жұмысшыны ор ішінде топырақ басып қалды: кінәлі адамға қандай жаза тағайындалды
-
09:23, 25 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
-
09:14, 25 қараша 2026
Бизнес-грант алмақ болған қазақстандық ірі көлемдегі қаражатынан айырылды
-
09:07, 25 қараша 2026
Шығыс Қазақстанда балық аулауға шыққан үш ер адам қаза тапты





