Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

14:32, 31 шілде 2026
MKZ: 1559005

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жиынды ұйымдастыру туралы бастама көтеріп, қатысушыларды ерекше ықыласпен қарсы алғаны үшін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді.

Президент қазақ пен қырғыз халықтарын достық, сенім, туысқандық және өзара қолдау құндылықтары байланыстыратынын атап өтті. Сондай-ақ Қырғызстанның өсіп-өркендеуі Орталық Азияның тұрақтылығы мен орнықты дамуының маңызды кепілі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бейресми кездесу күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көпжақты серіктестіктің алдағы басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді.


"Барлық деңгейдегі байланыстың жандануы бауырлас халықтарымыздың игілігі мен тұтас аймақтың өркендеуі жолында мемлекеттеріміздің жасампаз ықпалдастыққа ортақ ұмтылысын айқын көрсетеді", – деді Президент.

Мемлекет басшысы "ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа" қол қою рәсімдерінің аяқталуын маңызды жетістік деп бағалады. Оның айтуынша, тарихи құжат стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастап, өзара сенім мен құрметке негізделген өңірлік ынтымақтастықтың саяси негізін қалыптастырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!