Қазақстан президенті Қырғызстанның тарихи жетістігін атап өтті
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі артып, халықаралық аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақты бола бастағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қырғызстанның 2027-2028 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын соның жарқын мысалы ретінде атады. Президент Садыр Жапаров пен барша қырғыз халқын тарихи жетістікпен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік ықпалдастықтың негізгі мәселелері былтыр Ташкентте өткен кездесуде жан-жақты талқыланғанын еске салды. Оның айтуынша, сол жиында көтерілген бастамалар, соның ішінде Консультативтік кездесулерді институционалдық тұрғыдан дамыту мәселесі әлі де өзекті.
Президент Қазақстанның қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға және мемлекеттер арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтатын бастамаларды ілгерілетуге мүдделі екенін жеткізді.
"Бірлескен күш-жігер арқылы ортақ прогресс жолында бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Консультативтік кездесулер аясындағы алдағы іс-шараларды өткізуге табыс тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 31 шілде 2026
Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам
-
15:08, 31 шілде 2026
Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлді
-
14:57, 31 шілде 2026
ШҚО-да 20-дан астам ұрланған велосипед иелеріне қайтарылды
-
14:47, 31 шілде 2026
Отшашу атқан екі елордалық бес тәулікке қамауға алынды
-
14:36, 31 шілде 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр - Мемлекет басшысы





