Отшашу атқан екі елордалық бес тәулікке қамауға алынды
© Фото: Zakon.kz
Астанада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалануға байланысты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Қаладағы білім беру ұйымдарының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосу фактісі анықталды. Белгілі болғандай, 23 жастағы ер адам сүйіктісінің туған күнін отшашумен атап өтпек болған.
Алайда оның әрекеті жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасау, тыныштықты бұзу, сондай-ақ елді мекендерде және бұл үшін арнайы белгіленбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану бойынша тағы бір дерек тіркелді. 22 жастағы ер адам досын туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу атып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот шешімімен оған да бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен тыныштық талаптарын сақтауды ескертеді.
Полиция тұрғындарды айналасындағылардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарауға, ал пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген орындарда және белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып пайдалануға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 31 шілде 2026
Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам
-
15:08, 31 шілде 2026
Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлді
-
14:57, 31 шілде 2026
ШҚО-да 20-дан астам ұрланған велосипед иелеріне қайтарылды
-
14:39, 31 шілде 2026
Қазақстан президенті Қырғызстанның тарихи жетістігін атап өтті
-
14:36, 31 шілде 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр - Мемлекет басшысы





