Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлді

15:08, 31 шілде 2026
MKZ: 1559022

© Фото: Zakon.kz

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ шетел азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама аясындағы конкурстық іріктеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конкурс қорытындысы бойынша 2026-2027 оқу жылына 550 шетелдік талапкер білім грантына ие болды.

"Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін стипендия иегерлерінің негізгі тізімі бекітілді", – делінген 2026 жылғы 31 шілдеде жарияланған хабарламада.

Негізгі тізіммен осы құжаттан танысуға болады.

Бұған дейін қазақстандық ғалымдар Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының біріндегі зертханаларды пайдалана алатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!