30 шілдедегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді
© Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 30 шілде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,38 теңгеге төмендеп, 474,63 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге арзандап, 5,97 теңгеге түсті.
Қытай юанінің күндізгі сауда-саттықтағы бағамы 0,3 теңгеге өсіп, 70,13 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 473,5–475,6 теңгеден, еуро 538,8–544,6 теңгеден, рубль 5,63–5,77 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
30 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр.
Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерсі 1,44%-ға қымбаттап, барреліне 92,05 долларға жетті. Қазір белсенді саудаланып жатқан қазан айындағы Brent фьючерсінің бағасы 0,22%-ға өсіп, барреліне 88,18 доллар болды.
Қыркүйекте жеткізілетін WTI маркалы мұнай 0,36%-ға қымбаттап, барреліне 84,72 долларға жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 477,17 теңге, еуроны 543,26 теңге, рубльді 6,01 теңге деңгейінде белгіледі.
30 шілде күнінің бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:05, 5 қыркүйек 2026
5 қыркүйектегі валюта бағамы қандай
-
15:45, 4 қыркүйек 2026
4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:48, 2 қыркүйек 2026
Қазақстанда доллар бағамы шамамен 3 теңгеге төмендеді
-
15:19, 2 қыркүйек 2026
Доллар 456 теңгеге дейін түсті: теңге неге нығайып жатыр?
-
15:48, 1 қыркүйек 2026
1 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





