Павел Дуров террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді
© Фото: zakon.kz
Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті жазба тізілімнің "Жеке тұлғалар" бөлімінде №6895 болып жарияланған.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, бұл тізімге енген жеке тұлғалар мен ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, интернетте ақпарат жариялауға, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға, сондай-ақ салық төлеу, жалақы алу және келтірілген залалды өтеуге қатысты жағдайларды қоспағанда, қаржылық қызметтерді пайдалануға тыйым салынады.
2026 жылғы 29 шілдеде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) белгілі кәсіпкерді халықаралық іздеуге жариялаған болатын. ФҚҚ мәліметінше, айып тағуға Telegram әкімшілігі Ресей арнайы қызметтерінің нұсқасы бойынша Украина арнайы қызметтері Ресей аумағында диверсиялық-террористік әрекеттерді, жаппай кісі өлтіруді және кибералаяқтықты ұйымдастыру үшін пайдаланған арналарды, чаттар мен боттарды жоймағаны негіз болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:53, 3 қыркүйек 2026
Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады
-
08:45, 3 қыркүйек 2026
Күн энергетикасы Қытайдағы ең ірі электр қуаты көзіне айналды
-
08:36, 3 қыркүйек 2026
Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады
-
08:12, 3 қыркүйек 2026
Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді
-
21:25, 2 қыркүйек 2026
Археологтар Иса пайғамбардың жерленген жеріне қатысты тың мәліметтер тапты





