Шілденің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

20:31, 30 шілде 2026
MKZ: 1558890

© Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күнідз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақаталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыста 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 31 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Астанада күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. 31 шілдеде-02 тамызда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде-02 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде-02 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады

Қарағанды облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 42-44 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!