2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

20:16, 30 шілде 2026
MKZ: 1558888

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылындағы сабақ кестесі мен демалыс кезеңдері бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Бірінші тоқсан 8 аптаға созылып, оқушылар 26 қазаннан 1 қарашаға дейін күзгі демалысқа шығады.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс 14 күнге жалғасып, 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін өтеді.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы 7 күн демалады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 22-28 наурыз аралығында өтеді.

Ал төртінші тоқсан 8 аптаға жалғасып, оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Сонымен қатар 9 (10) және 11 (12) сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау мерзімдері де бекітілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!