Қазақстанда қыркүйектің соңы жауын-шашынсыз өтеді: 1 қазанда ауа райы өзгереді
© Фото: pexels
Синоптиктер 2026 жылғы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш күнде елдің кей өңірлерінде күн суытып, найзағайлы жаңбыр жауады және үсік жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, 29–30 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман түседі. Елдің солтүстік жартысында 1–3 градус үсік сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз елдің солтүстік жартысында ауа температурасы +15…+23°С болады. Оңтүстік жартысында температура +20…+25°С-тан +15…+23°С-қа, ал таулы аудандарда +10…+15°С-тан +8…+13°С-қа дейін төмендейді.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 28 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астанада, Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:34, 28 қыркүйек 2026
Алматыдағы екі жер сілкінісінің ошағы қайда орналасқаны белгілі болды
-
15:27, 28 қыркүйек 2026
Алматы полициясы прокурор орынбасарының ұлына қатысты жол апаты туралы ақпаратқа пікір білдірді
-
15:12, 28 қыркүйек 2026
Сот сараптамасының құны енді өзгеше есептеледі
-
15:03, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда кейбір депозиттер бойынша мөлшерлеме өседі
-
14:55, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақы жаңа қағидат бойынша тағайындалады: не өзгереді





