Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақы жаңа қағидат бойынша тағайындалады: не өзгереді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді. Жаңа тәсіл қалай қолданылатынын бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір әлеуметтік қорғау жүйесінде республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақының 39 түрі қарастырылған. Жаңа тәсіл бойынша олардың 14-і азаматтардың мұқтаждық деңгейін ескере отырып тағайындалады.
Министрліктің мәліметінше, өзгерістер Отбасының цифрлық картасында әл-ауқаты жоғары немесе ауқатты деп белгіленген "А" және "В" санатындағы төлем алушыларға ғана қатысты болады.
Бұл тізімге мыналар кіреді:
- балалы отбасылар мен көпбалалы отбасыларға берілетін төлемдер;
- мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын ата-аналар мен өзге де адамдарға берілетін төлемдер;
- мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар;
- жерлеуге берілетін төлем;
- ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және мемлекеттік атақтарға ие болған азаматтарға берілетін жекелеген арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар.
Жаңа тәртіп әр төлемнің түріне қарай қолданылатын болады. Бұл азаматтың барлық төлемді алу құқығы автоматты түрде сақталады дегенді білдірмейді.
"Егер бірінші топтағы мүгедектігі бар адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы алып жүрсе, бұл төлем сақталады. Ал оның басқа төлемге, мысалы, бала тууына байланысты төлемге құқығы пайда болса, ол мұқтаждық деңгейін ескере отырып тағайындалады", – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.
Осылайша, ведомствоның мәліметінше, әр төлем оны тағайындау негізі мен азаматтың оған мұқтаждығы ескеріле отырып, жеке қаралады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте, Қазақстанда азаматтар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болған кезде қаржыландыру тәртібін жетілдіру ұсынылғаны хабарланған еді. Соған сәйкес арнаулы орталықтар мен колонияларда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібін өзгерту көзделіп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:34, 28 қыркүйек 2026
Алматыдағы екі жер сілкінісінің ошағы қайда орналасқаны белгілі болды
-
15:27, 28 қыркүйек 2026
Алматы полициясы прокурор орынбасарының ұлына қатысты жол апаты туралы ақпаратқа пікір білдірді
-
15:12, 28 қыркүйек 2026
Сот сараптамасының құны енді өзгеше есептеледі
-
15:03, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда кейбір депозиттер бойынша мөлшерлеме өседі
-
14:38, 28 қыркүйек 2026
415 млн теңге айналымға түскен іс: Қарағандыда дропперлер тобы әшкереленді





