Қарағанды облысында мал ұрлаған күдікті құрықталды

14:16, 22 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Қарағанды облысының Осакаров ауданында полиция қызметкерлері ауылдық елдімекендердің бірінде жасалған мал ұрлығы дерегін ашты.

Күдікті 53 жастағы жергілікті тұрғының қорасынан екі қойды ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші ауылдың 55 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, қораға заңсыз кіріп, малды ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын 100 мың теңге көлемінде бағаланып отыр.

Тергеу барысында күдіктінің ұрланған қойларды төмен бағамен сатып, түскен қаражатты жеке басының қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің аудан аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!