Ауыр жарақат алған канадалық легионер «Барыстан» кетті

17:58, 21 желтоқсан 2025

© Сурет: hcbarys.kz

"Барыс" Тайлер Уотерспунмен арадағы келісімшарттың тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 21 желтоқстанда отандық хоккей клубының сайты хабарлады.

"Тайлер Уотерспун "Барыстан" кетті. Клуб Тайлерге атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, қорғаушы 31 қазанда "Тракторға" қарсы сырт алаңдағы ойында алған жарақатынан кейін ұзақ мерзімге қатардан шығып қалған.

Бұған дейін "Қайрат" АФК Mundo do Futsal Experience-2025 жүлдесін иеленгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!