Қазақстанда 54 жыл бойы жаңартылмаған температуралық рекорд жаңарды

09:44, 22 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 2025 жылғы қараша айы Қазақстанда ерекше өтті: ауа райы қар жауудан аномалды жылылыққа дейін күтпеген өзгерістер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың дерегінше, қараша айы әсіресе айдың екінші жартысында аномалды жылы болды.

Ауа температурасының максималды рекордтары да жаңартылды:

14 қарашада Ақтөбе станциясында температура +13,2°С дейін көтеріліп, 2023 жылғы рекордты (+10,6°С) жаңартты;

15 қарашада сол жерде тағы бір рекорд орнатылып, температура +11,4°С жетті, бұл 2001 жылғы рекордтан (+10°С) жоғары.

Солтүстік және орталық өңірлерде де аномалды жылы ауа райы байқалды:

19 қарашада Көкшетау станциясында +8,3°С тіркеліп, 1977 жылғы рекордты (+8°С) жаңартты;

23 қарашада температура +5,2°С дейін көтеріліп, 1995 жылғы рекорд (+4,4°С) жаңартылды.

Жезқазған станциясында 24–26 қараша аралығында үш күн қатарынан жаңа максимумдар тіркелді:

  • 24 қараша – +13,3°С (2004 жылғы рекорд +9,6°С);
  • 25 қараша – +10,3°С (2008 жылғы рекорд +8,2°С);
  • 26 қараша – +12,3°С (2008 жылғы рекорд +9°С).

26 қарашада Қарағанды станциясында максималды температура +9,4°С болып, 1971 жылғы рекордты (+6,9°С) жаңартты.

Сонымен қатар, суық ауа массалары жылы ауа массаларымен жиі ауысқан кезде кейбір күндері қар мен жаңбыр жауып, тұман, мұз, желдің күшеюі байқалды:

  • 4 қарашада Шуылдық станциясына 28 мм қар түсті, айлық норма – 82 мм;
  • 13–14, 16, 22, 25 қарашада Достық станциясында желдің жылдамдығы 32–36 м/с жетті;
  • 15 қарашада Жамбейті станциясында тұман көріну қашықтығы 50 м, ұзақтығы 12 сағат болды;

20 қарашада Қостанай облысында айлық норманың жартысына тең қар түсті: Аршалы станциясында – 10 мм (норма 20 мм), Тобыл станциясында – 11 мм (норма 22 мм).

Астанада қараша айындағы орташа температура +3°С болып, нормаға қарағанда 5,5°С жоғары болды (норма – -5,2°С).

Ең төменгі температура 4 қарашада -12,3°С, ал ең жоғары температура 26 қарашада +7,8°С тіркелді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!