«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатыны ескертілді
© Сурет: pexels
Астана мен еліміздің 16 облысында 22 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Шымкентте 22 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Түркістанда 22 желтоқсанда тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 22 желтоқсанда түнде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз де қар жауып, бұрқасындатады деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 22 желтоқсанда түнде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз де қар жауып, бұрқасындатады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында аздап қар жауады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 22 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында, күндіз облыстың солтүстігінде аздап қар жауады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 22 желтоқсанда түнде қар жауады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Oблыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Ақтауда 22 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың таулы аудандарында аздап қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрсын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Талдықорғанда 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде қар бұрқасындатады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Оралда 22 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 22 желтоқсанда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 22 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Астанада 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Бүгін, 21 желтоқсанда синоптиктер еліміздің үш қаласы - Аөтөбеде, Астанада және Атырауда ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 21 желтоқсан 2025
Ауыр жарақат алған канадалық легионер «Барыстан» кетті
-
16:54, 21 желтоқсан 2025
Ақтөбе облысында жоғалған малшыны іздеуге ұшқышсыз ұшу аппараты мен Starlink жүйесі де жұмылдырылды
-
16:35, 21 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына келіп жетті
-
15:53, 21 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
15:44, 21 желтоқсан 2025
Алматыда пышақ ұстаған студент ұстазына шабуылдады деген күдікке ілінді





