Астанада LRT іске қосылуы жоспарланған мерзімнен ертерек болуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифингте жеңіл рельсті көлікті (LRT) іске қосу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 30 қыркүйектен бері елордадағы жерүсті метросы тестілік режимде жұмыс істеп тұр.
"Қазірдің өзінде шамамен 2,6 ай өтті. Ай соңына дейін барлық вагондарды жеткізу жоспарланып отыр. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу сатысында. Біз бастапқыда тестілік режим 3 айдан 6 айға дейін созылатынын айтқан едік. Алдағы бір-екі айда бұл жұмыстар толық аяқталып, LRT-ны жұмыс режимінде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл әсіресе Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылдары бойында орналасқан Есіл және Нұра аудандарының жол жүктемесін біршама азайтады", – деп түсіндірді әкім.
Айта кетейік, 2025 жылғы 29 қазанда Жеңіс Қасымбек LRT желісін Қосшы бағытына қарай кеңейту жоспарлары бар екенін растаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:28, 22 желтоқсан 2025
Шымкентте Мамандандырылған ХҚКО-дағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты
-
16:54, 22 желтоқсан 2025
Астанадағы көлік кептелісі қалай шешілмек: қала әкімі жоспарын жариялады
-
16:42, 22 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
-
16:35, 22 желтоқсан 2025
Тіс емханасындағы бала өлімі: анестезиологқа сот үкімі шықты
-
16:35, 22 желтоқсан 2025
Тіс емханасындағы сәби өлімі: анестезиологқа сот үкімі шықты





