Қазақстанда 1 қаңтардан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер ұлғаяды

09:06, 22 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан Үкіметі 2025 жылғы 17 желтоқсанда "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру туралы" қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынатын әлеуметтік төлемдер көлемінің 10 пайызына арттырылсын.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін біз 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы мен зейнетақы қандай болатынын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!