Қарағанды облысында браконьерлікпен айналысқан топ ұсталды: 2,5 тонна шаян тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Приозерск қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде сегіз күдікті ұсталып, заңсыз ауланған 2,5 тоннадан астам шаян тәркіленді.
Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі – 20 миллион теңгеге жуық. Заңсыз әрекетті Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтады.
Приозерск қаласында 23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам ұсталды. Олар шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 2 557 келі шаянды тәркіледі.
Сонымен қатар заттай дәлелдеме ретінде 115 паллет, заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген болжам бар жүк көлігі мен ГАЗель алынды. Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің әрекетінен мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық көлемінде залал келтірілген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға және браконьерлікке қарсы күресті жалғастырып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:28, 16 қараша 2026
Алматыда ҚазҰУ студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды
-
14:15, 16 қараша 2026
Қыс келуге асығар емес: Алматыда күн суытқаннан кейін ауа температурасы +13°С-қа дейін көтеріледі
-
14:08, 16 қараша 2026
Таиландта ашуға булыққан піл екі адамды таптап өлтірді
-
13:57, 16 қараша 2026
Ақтауда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
-
13:44, 16 қараша 2026
Жастар АИТВ жұқтыру қаупін елемей жүр: дәрігерлер алаңдаушылық білдірді





