Қала тұрғынының телефонын алдап сұрап алып, ізін суытқан қарағандылық қолға түсті

13:28, 20 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында ашық тонау жасады деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды.

Күдікті көшеде кездескен қала тұрғынынан қоңырау шалып алу үшін телефонын сұрап, кейін жәбірленушінің телефонын алып, оқиға орынынан ізін жасырған.

42 жастағы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 114 мың теңгені құрады. Күдікті ұрланған телефонды қаладағы ломбардтардың біріне өткізгені туралы мойындау көрсетпе белгісін беріп, кейін айғақ зат сол жерден тәркіленіп алынды.

Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің өз танысының құны 160 мың теңге тұратын тоңазытқышын ұрлау фактісіне қатысы барын анықтады.

Барлық деректер бойынша қылмыстық істер қозағлды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!