Қарағанды облысында бір күнде 3 тонна қоқыс шығарылды

15:09, 20 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

"AMANAT" партиясының бастамасымен өткен "Таза бейсенбі" акциясына партия өкілдері, мәдениет үйлерінің қызметкерлері және тұрғындар мен студенттерден құралған 100-ге жуық ерікті қатысты.

Табиғат жанашырлары қала маңы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартты.

Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан акцияға әрбір аудан, ауылдарда да белсенді қатысуда, деп жазады qazaqstan.tv.

"Басты мақсатымыз — қаланың тазалығын сақтау. Президентіміздің "Таза Қазақстан" акциясын қолдау. Біз қоршаған ортаны таза ұстауымыз керек. Ол әрбір адамның өзінен әрі айналасынан басталуы керек." Аман Ахметжанов, қала тұрғыны

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!