Мьянмадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 290-нан асты

15:20, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Мьянмадағы "Яги" тайфуны салдарынан болған су тасқынынан кемінде 293 адам қаза тауып, тағы 89 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Бұл мәліметтерді Синьхуа агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, су тасқыны бүкіл ел бойынша аймақтар мен штаттардағы ондаған елдімекенде, соның ішінде одақтық Нейпьидо аумағында болған. Басылым бейсенбі күні жағдай бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 425 баспанада барлығы 161 мыңнан астам адам болғанын атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Табиғат апаты салдарынан 310 мың гектардан астам егістік алқапты су басып, 129 150 бас мал қырылды.

Ел билігі мен құтқару ұйымдары жергілікті тұрғындармен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп, азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізіп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!