Полицейлер WhatsApp-тағы алаяқтарды қалай тануға болатынын айтты

17:29, 19 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Жыл басынан бері алаяқтар елорда тұрғындарын 2,5 млрд теңгеге сан соқтырған. Елордалық полицейлер алаяқтардың қалай әрекет ететіндерін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада 3200-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді, 540 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта WhatsApp мессенджеріне заңсыз кіру фактілері жиілеп кеткен.

"Зардап шеккендердің атынан барлық байланыстағы адамға қарызға ақша бере тұруды сұраған өтініш хабарлама таратылады, бұл ретте үшінші тұлғалардың банктік шоттарының деректемелері көрсетіледі. Зиянкестер WhatsApp жеке аккаунтына зиянды сілтемені пайдалана отырып, көрсетілген сілтеме бойынша өткеннен кейін астаналықтардың есептік жазбасына кіре алатыны анықталды", делінген әкімдік хабарламасында.

Осыған байланысты полицейлер азаматтарды, әдетте, ұтыс ойынының жүлделері, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді ескертеді, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуге шақырады.


"Егер сіз күдікті сілтемеден өткен болсаңыз, қосымшада "Параметрлер" бөліміне өтіп, "байланыстырылған құрылғылар" қосындысындағы есептік жазбаға "параллель кірудің" бар-жоғын тексере аласыз. Егер осы қосындыда сіз байламаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз. Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы тексеруді қосыңыз", - дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ егер сіз таныстарыңыздан қарызға ақша сұрайтын хабарламалар алсаңыз, алдымен сол досыңызға қоңырау шалып, оның қаражатқа мұқтаж екендігіне алдымен көз жеткізіп алыңыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!