Ақмола облысында жоғалып кеткен жасөспірім шахтадан табылды
© Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды. Ол Бестөбе ауылындағы шахтаға түсіп, алтын іздеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 жасар жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы 16 қыркүйекте Степногорск қаласының полиция басқармасына арыз келіп түсті. 11-сынып оқушысы сабаққа келмеген, сондықтан мұғалімдер дабыл қаққан. Ол 13 қыркүйектен бастап мектепке бармағаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел және іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстары зерделенді, ата-аналары, жақын туыстары мен достарынан сұрақ-жауап алынды. Полиция жас жігіттің Бестөбе ауылының аумағында екенін анықтап, шахтаға төменге түсті.
"17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталып, ол туыстарына аман-есен берілді. Жас жігіт алтын табу үшін шахтаға түскенін айтты. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың өзі қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, 19 қыркүйекте оқушылары төбелескен Бестөбе ауылындағы мектептің директоры жұмысынан босатылғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:58, 22 желтоқсан 2024
Америкалық әскерилер хуситтерге шабуылдау кезінде өз ұшақтарын атып түсірді
-
09:49, 22 желтоқсан 2024
Атырауда саусағына темір «тағып алған» бала дәрігерлер мен құтқарушыларды әбігерге түсірді
-
09:39, 22 желтоқсан 2024
Қостанайда фельдшердің аяусыз соққыға жығылуы: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады
-
09:24, 22 желтоқсан 2024
Усик пен Фьюри жекпе-жегі: Ең ауыр салмақтағы чемпион анықталды
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді